«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар /  ауыл қонақтарына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме

ауыл қонақтарына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ақбұлым «Аудандық мәдениет үйінде» «Ауылым- алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ауыл қонақтарына «Тараздың көне тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, келуші қонақтар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды.