№63 орта мектебінің оқушыларына «Музей-қорықтар: Кеше. Бүгін. Келешекте» тақырыбында дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 22 қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №63 орта мектебінің оқушыларына «Музей-қорықтар: Кеше. Бүгін. Келешекте» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел аясында музей-қорық қызметкерлері оқушаларды Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстырып, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттап, болашақ ұрпақты қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмге баулып, отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға шақырды. Сонымен қатар, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарих және мәдениет ескерткіштері жайлы тың ақпараттармен бөлісті. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.