«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Сыбайлас жемқорлық – өмірлік мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел 19.09.24

«Сыбайлас жемқорлық – өмірлік мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел 19.09.24

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлық – өмірлік мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Нурханова Таңшолпан Бақытәліқызы қатысты. Жиын барысында комплаенс қызметінің маңыздылығы, қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұжымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды.