«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ілкі дәуірдегі көне Тараз» атты жылжымалы көрмесі

«Ілкі дәуірдегі көне Тараз» атты жылжымалы көрмесі

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ағымдағы жылдың 21 маусым күні
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Ілкі дәуірдегі көне Тараз» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Көрменің мақсаты: Тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеу. Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер тарихын халыққа ұсыну.
Көрмеге қойылған жәдігерлер: «Зергер» көмбесі (алтын, күміс) XI–XII ғғ, мұстахара (торсық), сынапкөзелер (сфероконустар), қола шырағдандар XI–XII ғғ, моншақтар, күміс, нефрит, қола белдік жапсырмалары, әр кезеңге жататын монеталар. Көрме 2 күнге созылады.