«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Есік» «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Алғыс хатпен марапаттады.

«Есік» «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Алғыс хатпен марапаттады.

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ілкі дәуіріндегі көне Тараз»тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығында өтті.
Іс-шараны ашып беру үшін алғашқы сөз «Есік» мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының директорының орынбасары Досым Зікірияға берілді, ол өткен тарихтан сыр шертетін көрмені ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Ашылу салтанаты барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизханқызы көрменің мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Жылжымалы көрменің басты мақсаты: Тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеу, көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер тарихын халыққа ұсыну болып табылады.
Шара барысында жылжымалы көрменің ашылу салтанатының лентасын «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтаушысы Ұлболсын Алимханова мен «Есік» музей-қорығының директорының орынбасары Досым Зікірия қиып берді. Тарихы мыңжылдықтардың мұрасымен үндескен ежелгі Тараз қаласының тарихи шежірелі көрмесін қорық-музейінің қызметкерлері таныстырды.
Іс-шараға ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды да, бірегей жәдігерлерден тұратын жылжымалы көрме жасақталды. Онда VIII—IXғғ соғдылық үлгіде жасалған қыш құмыралар, ортағасырлық қыш ыдыстар: құмыралар, табақтар, көзелер, қақпақтар, (торсық), (сфероконустар), сынапкөзелер, суқұйғыштар, мұстахара, шырағдандар, моншақтар, күміс, нефрит, қола белдік жапсырмалары, әр кезеңге жататын монеталар қойылды. Іс-шара соңында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының басшылығы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне рахмет айтып, Алғыс хатпен марапаттады.