Таразда кангю мәдениетінің бірегей артефактілері
Ағымдағы жылдың мамыр айының 15 күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ежелгі жазудың бірегей ескерткіштерін ашқан, Тарих ғылымдарының докторы, Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, қаңлы мәдениетінің маманы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологы Александр Николаевич Подушкиннің Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі Төле бай төбе қорымында жүргізіліп жатқан ғылым-зерттеу экспедиясына қатысты. Қаңлы мәдениетін 40 жылдан астам уақыт бойы зерттеп келе жатқан Александр Николаевич экспедиция барысында қаңлы өркениетіне жататын бірегей артефактілер атап айтқанда, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ–І ғасырлар кезеңіне жататын әйел азаматының қоладан жасалған айнасы, моншақтардың бөліктерін, алтынан жасалған ортасында күміс қосылған, қанық қызыл түсті рубин асыл таспен әшекейленген сырғалармен таныстырды. Осы уақытқа дейін атақты қазақ археологы Оңтүстік Қазақстан өлкесін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 5 монографиясы жарық көрді.
Сонымен қатар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2023 жылы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен музей саласын дамыту тұрғысында жасалған Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Тараптар Өзара бірлескен меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында екі музей-қорық қызметкерлері бірлескен ғылыми-зерттеу экспедисиясына қатысып, өздерінің тәжрибелерімен бөлісті.