№11 орта мектебінде «Шежірелі Тараз» 26.01.24
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен №11 орта мектебінде «Шежірелі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті.
Аталмыш көрмеде оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді. Жылжымалы көрменің жасақталуының басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.

26 Қаңтар 2024
982
16 Қараша 2019