«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Қар тазалау жұмыстары

Қар тазалау жұмыстары

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қар тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Аталмыш тазалау жұмыстары Қарахан, Айша бибі кесенелерінде, Көне Тараз археологиялық саябағында, Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде, сондай-ақ Қали Жүніс моншасында жүргізілген болатын. Мекеме қызметкерлері жолды қардан тазартып, музей-қорық нысандарына келуші қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай туғызу үшін қарқынды түрде жұмыс жасауда.