«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ордабасы – көне тарих куәсі» көрмесі

«Ордабасы – көне тарих куәсі» көрмесі

Құрметті БАҚ өкілдері, Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 2023 жылдың қазан айының 20 күні, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен, «Ордабасы – көне тарих куәсі» тақырыбында өтетін көшпелі көрмені тамашалауға шақырамыз!
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан көрмеде, тамырын тереңге жайған қасиетті Ордабасы өңірінің ескерткіштері, музей қорындағы көне тас дәуірінен бастап, ерте қола дәуірі, Сақ, Қаңлы, Түргеш, Қарахан дәуірінің құнды жәдігерлері, Қазақ хандығы тұсындағы және Тәуелсіздік жылдарындағы Ордабасы тарихы туралы мәлімет берілетін болады.
Көрме Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарына 1 күн көлемінде насихатталатын болады.
Өтетін орны: «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешені.