ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ДӘРІС 10 қазан
2023 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Анкара» университетінің студенттеріне музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен Халықаралық деңгейде насихаттау» тақырыбында халықаралық онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Рухани танымның түп негізі – Көне Тараз;
• Қасиет қонған Әулиеата (Қарахан);
• Айша бибі кесенесі: аңыз бен ақиқат;
• Шығыс үлгісінде салынған Қали Жүніс моншасы.
Дәріс қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде жүргізілді.
Онлайн дәріске Анкара университетінің "Тіл және тарих-география факультетінің" меңгерушісі, профессор Абдулла Гундогду және студенттер қатысты. Профессор Абдулла Гундогду дәріс соңында өзінің жылы лебізін және үлкен алғысын білдірді. Студенттер де өз қызығушылықтарын танытты.