«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдық мерейтойы
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Мадина Мананбайқызы Ибадильдаева мен Ақнұр Сағитжан «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарих, тенденциялар, проблемалар, перспективалар» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция барысында ғылыми қызметкер Мадина Мананбайқызы «Қазақстан археологиясының зерттеу тарихы мен бүгінгі дамуы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Тараз қалашығында бірнеше ғасырлар бойы зерттеу жұмысын жүргізген археологтардың ерен еңбегі мен Жамбыл облысындағы музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы мағлұмат берді.