Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына байланысты жылжымалы көрме
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» тақырыбында жылжымалы көрме Тараз жұртшылығының назарына ұсынылды. Жылжымалы көрме қазан айының 12-ші жұлдызына дейін көрсетіледі. Жылжымалы көрмеде б. з. д. 4–2 мыңжылдықтарды қамтитын Шірік-Рабат қалашығының алтын әшекей бұйымдары, Х–XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген Сығанақ қалашығының алтындары, VII–XI ғасырлардағы оғыздар пайдаланған Жанкент қыш бұйымдары қойылған.