«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / 1 қазан Халықаралық қарттар күні (2023)

1 қазан Халықаралық қарттар күні (2023)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ардагерлеріне «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында ардагерлерге Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Сондай-ақ ардагерлер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдар мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді.