«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / мекеменің 25 жылдығына орай «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме

мекеменің 25 жылдығына орай «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері мекеменің 25 жылдығына орай М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттеріне «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Дәріс барысында оқушыларға музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсатын түсіндірді.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді. Аталмыш жиын соңында университет ұстаздары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына өз алғысын білдірді.