1 қазан Радио қызметкерлері күні (2023)
2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды.
Салт-дәстүріміз бен руханиятымыздың белсенді насихатшысы, үлкен өнер ошағының отын маздатып отырған Жамбыл радиосы – жаңалықтың жаршысы болудан танған емес. Әуе толқынынан өтетін көптеген бағдарламалар арқылы төл мәдениетімізді насихаттауға, ана тілін дәріптеуге, ұлт санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып, қазақ мәдениетінің алтын қорын қалыптастырып келе жатқан мамандарға айтар алғысымыз шексіз. Сіздер халқымыздың талайлы тағдыры мен шежіресін қамтып, аумалы-төкпелі кезеңде де ел өмірінің маңызды оқиғаларын жұртшылыққа жедел жеткізіп, өшпес із қалдырып отырсыздар. Қазіргі таңда Жамбыл радиосы заман талабына сай дамыған іргелі ақпарат құралының бірі әрі бірегейіне айналды. Радио алдағы уақытта да жақсылықтың жаршысы болып, талғамы биік тыңдарман қауымды танымдық хабарлармен, тағылымды бағдарламалармен қуанта беретініне сенеміз. Сол үшін Сіздерге толағай табыстар тілейміз!