«Созвездие-Мансур» үшін экскурсия
Дүниежүзілік туризм күніне орай, Астана қаласынан келген «Созвездие-Мансур» би ансамблінің бишілеріне қорық-музей жәдігерлерінен «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында көрме қойылды. Жылжымалы көрмедегі жәдігерлердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей қызметкері Бақдәулет Әбілдаұлы түсіндіріп өтті. Аталмыш көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды.
Ансамбль ұстаздары жылжымалы көрмені ұйымдастырушы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.