«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Шотландия жерінен саяхаттап келген қонақтарға экскурсия

Шотландия жерінен саяхаттап келген қонақтарға экскурсия

26 қыркүйек күні Ұлыбританияның тарихи аймағы Шотландия жерінен саяхаттап келген қонақтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының еншісіндегі «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағы мен «Қарахан» кесенесіне экскурсия жүргізілді. Ең алдымен шетелдік қонақтар рухани құндылықтардың ордасы болған «Көне Тараз» саябағын тамашалаудан бастады. Содан кейін тұла бойы тарихқа толы Тараз қаласының орталығында орналасқан киелі де сәулетті ескерткіштердің бірі – Қарахан кесенесімен танысты. Шет елден келген қонақтар экскурсия кезінде ерекше қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұраққа жауабын алды.