Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектеп оқушыларына музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына онлайн дәріс
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Талас ауданы, Үшарал ауылы, Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектеп оқушыларына музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз-әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Рухани танымның түп негізі – Көне Тараз
• Қасиет қонған Әулиеата (Қарахан)
• Шығыс үлгісінде салынған Қали Жүніс моншасы
Дәріс соңында оқушылар қорық-музей қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.