«Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріс
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметкерлеріне музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Рухани танымның түп негізі – Көне Тараз
• Қасиет қонған Аулиеата (Қарахан)
• Шығыс үлгісінде салынған Қали Жүніс моншасы
Онлайн дәріске музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері, әдіскерлер, археологтар, тарихшылар қатыстырылды.