«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Мадина Мананбайқызы Jambyl TV телеарнасына сұхбат беруі

Мадина Мананбайқызы Jambyl TV телеарнасына сұхбат беруі

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкері Мадина Мананбайқызы Jambyl TV телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ХІ ғасырдан біздің дәуірге жеткен, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан, 62 түрлі ою-өрнекпен көмкерілген, еліміздегі бірегей тарихи қазынаның бірі – Айша бибі кесенесінің тарихына тоқталды. Сонымен қатар, Айша бибі кесенесінің жанынан бой көтерген, он алты қырлы күмбезді ескерткіш – Бабаджа хатун кесенесінің де аңыз-әңгімелерімен бөлісті.