«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Археолог күні 2023

Археолог күні 2023

Құрметті археология саласының мамандары! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Археология ғылымы Қазақ елінің көне кейпін халыққа дәріптеп, сан ғасырды артқа тастап, бай тарихымызбен танысуға мүмкіндік беруде.
Сіздер жер астында сақталып қалған дүниелерді танытып, оны жылдар бойы зерттеп, жаңа тарих беттерін әлемге паш етудесіздер. Ұлы дала еліміздің сыры ашылмаған беймәлім дүниелері қаншама. Соның барлығы Сіздердің арқаларыңызда жарық көруде. Нәтижесінде, табылған құнды заттар Ұлттық музейдің төрінен де ерекше орын алып, өскелең ұрпаққа тарихи бай мұрамызбен танысуға жол ашады.
Тарихы таусылмас Тәуелсіз елдің әлі де ашылмаған таңбасын дәріптеуде атқарып жүрген игі еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, таусылмас шабыт, зор бақыт тілейміз!
Құрметпен, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы.