«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары
Жамбыл облысы Талас ауданындағы Сейілбек ауылының шығыс шетіндегі Қарақожа мешітіне, Үшарал ауылындағы Абдулла Ишан мешітіне, Қызыләуіт ауылынан 10–13 км жерде орналасқан Тәңірқазған, Бөріқазған тұрақтарына, Ақкөл ауылынан 11 шақырым оңтүстік-батысқа қарай, Ақкөл көлінің оңтүстігінде орналасқан Ақкөл тұрағына және Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орналасқан Шоқай Датқа кесенесіне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 2023 жылдың 10 тамызында ескерткіштердің жай-жапсарын білу мақтсатында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен кездесіп, ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру және ғылыми зерттеудің өзекті мәселелері, тарихи-мәдени нысандардың жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нақты тапсырмалар берілді.