ЮНЕСКО-ның консультативтік кеңесі
Ағымдағы жылдың 30 маусым күні Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының ұйымдастыруымен бүкіләлемдік мұраларды басқару бойынша өкілетті және жауапты құрылымдар арасындағы үйлестіру-консультативтік кеңесі өтті. Аталмыш кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сеитова, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының мәдениет жөніндегі маманы Айгүл Халафова, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссияның Бас хатшысы Алия Байсабаева, Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік мұралар бойынша Ұлттық Комитетінің төрағасы Гүлмира Мұхтарова қатысты. Сондай-ақ мәжіліске Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Берік Жүсіпов қатысып, өзекті мәселелер бойынша өз ойымен бөлісті.