«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «ABAY» бастауыш мектеп-гимназиясына көрме

«ABAY» бастауыш мектеп-гимназиясына көрме

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен кезекті танымдық бағдарлама жалғасуда. Іс-шара аясында «ABAY» бастауыш мектеп-гимназиясының білімалушыларына музей экспонаттарынан көрме жасақталды. Жылжымалы көрмеге қойылған жәдігерлердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей қызметкерлері түсіндірді. Аталмыш көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген экспонаттар қойылды.
Мектеп ұстаздары мен оқушылары жылжымалы көрмені ұйымдастырушы «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына алғысын білдіріп, қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Жылжымалы көрме ұйымдастыруда көзделген басты мақсат – оқушылардың танымын жетілдіре отырып, ата-бабамыздан мирас болып қалған сан ғасырлық тарихты өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады.