«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Тылсымға толы дүние» тақырыбында «RAUAN» бағдарламасы

«Тылсымға толы дүние» тақырыбында «RAUAN» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «JAMBYL TV» телеарнасының «RAUAN» атты таңғы бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді. Бүгінгі тікелей эфир «Тылсымға толы дүние» тақырыбында өтті. Сұхбат барысында қызметкерлер Жамбыл облысындағы тылсым жерлер жайында айтып кетті.
Сонымен қатар, музей қорындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, тарих тұңғиығынан сыр шерткен құнды әрі бірегей жәдігерлердің тарихын таныстырды. Атап айтсақ, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, тиындар жиынтығы және сиясауыт көпшілік назарына ұсынылды.