Асхат Ораловтын іс-сапары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Жамбыл облысына ресми іс-сапармен келді. Министр іс-сапар аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының куәсі болған «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағын тамашалаудан бастады.
Мұнда 2011–2017 жылдар аралығында археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған, ғасырлар қойнауынан біздің дәуірге жеткен музейдің құнды әрі бірегей жәдігерлерден көрме жасақталып, музей экскурсоводы Бақдәулет Тәжібаев экскурсия жүргізді. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаттарын түсіндірді.
Сонымен қатар экскурсия барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын ежелгі Тараз қаласының тарихы айтылды. Министр өзінің ерекше қызығушылығын танытып, көптеген сұрақтар қойып, жауабын ала алды.
Министр Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты екінші нысан, сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі – Қарахан кесенесіне келді. Тұла бойы тарихқа толы Тараз қаласының дәл орталығында орналасқан, киелі де сәулетті ескерткіштің тарихымен, кесенеге қатысты түрлі аңыз, әңгімелермен музей экскурсоводы Ақнұр Сағитжан таныстырды.
Министр көне қаланың тарихи құндылықтарымен танысып, экскурсия барысында ХІ ғ. мерзімделетін архитектуралық ескерткіш жайлы көптеген сұрақтар қойып, өзінің ерекше қызығушылығын танытты.
Әрмен қарай министр Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты халықаралық ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген нысан Жамбыл ауданындағы Ақыртас сарай кешеніне аяқ басты. Бұл тарихи-мәдени нысанды музей экскурсоводы Фариза Жұмағұлова таныстырды.
Ақыртас жұмбақ құрылыс болғандықтан министр аса үлкен қызуғышылық танытты. Өйткені, шынында да Ақыртастың қандай мақсатта салына бастағаны бүгінге дейін жұмбақ болып қалып отыр. Ғалымдар Ақыртасты 130 жылдан астам уақыт зерттеген. Қонақтар көптеген сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты 4-ші нысан, сонау ХІ ғасырдан біздің дәуірге жеткен, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Айша бибі кесенесін тамашалады. Бұл тарихи-мәдени нысанды музей экскурсоводы Мадина Мананбайқызы таныстырды. Сонымен қатар, экскурсия барысында Айша бибі кесенесінің жанынан бой көтерген, он алты қырлы күмбезді ескерткіш, еліміздегі бірегей тарихи қазынаның бірі – Бабаджа хатун кесенесінің де тарихына тоқталды.
Министр Асхат Оралов ұлт руханиятының тегеурінді тірегі, айнымас темірқазығы болған, әлі де бола алатын баба мұрасын насихаттап келе жатқан «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына алғысын білдірді.