«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Жамбыл өңірінің – Өңірлік гид» және «Тараз қаласының экскурсоводы» курстары

«Жамбыл өңірінің – Өңірлік гид» және «Тараз қаласының экскурсоводы» курстары

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы ұйымдастыруымен «Жамбыл өңірінің – Өңірлік гид» және «Тараз қаласының экскурсоводы» курстары өтті. Жалпылама екі курсқа облысымыздың әр өңірінен 38 үміткер өтініш тастап, оның 30-ы іріктеуден өтіп, 10 күндік курсты сәтті аяқтады.
Аталмыш курсқа «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қатысып, курсты сәтті аяқтап, сертификаттармен марапатталды.