«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінін иегерлері
Мәдениет саласында жұмыс істеп, соның ішінде тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мен насихаттау жолында өз үлестерін қосып жүрген әрбір мәдени қызметкер үшін еңбегінің еленіп, бағалануы үлкен мәртебе. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Есенбек Бестайбекұлы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар, мекемеге ұзақ жылдар бойы еңбек сіңіріп жүрген қызметкерлер Ұлболсын Алимханқызы, Мадина Сұлтанқұлқызы секілді мамандар 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай саланы дамыту ісіне қосқан елеулі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Мекеме директоры Берік Мырзалиевич қызметкерлерді шын жүрегімен құттықтап, жүрекжарды ақ тілегі мен жылы лебізін білдірді.
Музей-қорық ұжымы халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлерін мақтан ете отырып, алдағы уақытта да туған жердің мәдениетін, тарихын дәріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектестігін білдіреді. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!