«Музей – тарихи құндылықтар ордасы» көрме
18 – мамыр Халықаралық музейлер күніне орай, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірлескен «Музей – тарихи құндылықтар ордасы» тақырыбында көрме өтті. Іс-шара аясында Тараз өңірінің тарихынан сыр шертетін құнды әрі бірегей жәдігерлерден көрме ұйымдастырылып, барлық нысандарға ашық есік күні жарияланды.
Музей экскурсоводтары келген қонақтарға ғасырлар қойнауынан жеткен құнды әрі бірегей жәдігерлердің тарихын түсіндіріп, мекемеге қарасты мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштердің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты түрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – тек музей қорындағы жәдігерлерді насихаттау ғана емес, қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау, музейге келушілерді көптеп тарту, сонымен қатар ата-бабамыздан мирас болып қалған сан ғасырлық тарихты өскелең жас ұрпаққа дәріптеу, туған жердің мәдениеті, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өскелең ұрпақ осы жәдігерлер арқылы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойындағы тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін танып біледі.