«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ұлы қазақ ойындары» атты фестиваль

«Ұлы қазақ ойындары» атты фестиваль

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Шымкенттің Бозарық елдімекенінде салынған жаңа атшабарда Great Qazaq Games — «Ұлы қазақ ойындары» атты фестиваль басталды. Этнофестиваль төрт бағыт бойынша өтіп, Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамына арналған. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласының әкімі, аудан әкімдері қатысты.
Great Qazaq Games ұлттық ойынына 17 облыс пен республикалық 3 ірі қаладан қонақтар қатысты. Іс-шара барысында барлық келген қонақтар үшін ипподром жанынан сауда алаңдары, ұлттық тағамдары бар мекемелер, әртістер мен сәнгерлерге арналған сахналар, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық алаңдары, сондай-ақ шеберлік сағаттары, қолөнершілердің көрмелері мен жәрмеңке өткізілетін 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл ашылды.⁣⁣⠀
Бұл жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтаушысы — Әлімханова Ұлболсын қатысып, музейдің құнды әрі бірегей экспонаттарын жасақтады.
Great Qazaq Games бірегей жобасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Шымкент қаласы әкімдігі мен құрылыс компаниясының қолдауымен жүзеге асты.