«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық музейлер күнін атап өтуге байланысты семинар

Халықаралық музейлер күнін атап өтуге байланысты семинар

ҚР Ұлттық музейінің «ҚР Музейлерін дамытуды әдістемелік үйлестіру» орталығының ұйымдастыруымен 16 ақпан күні сағат 11. 00-де Халықаралық музейлер күнін атап өтуге байланысты семинар өтті. Семинар онлайн (zoom) және оффлайн форматта өтті.
Аталмыш семинарда «Музей түні» акциясын өткізуде отандық және шетелдік музейлер тәжірибесі жайлы сөз қозғалды. Әртүрлі идеялар ұсынылып, презентация арқылы нақты мысалдармен көрсетілді. Сондай-ақ, БҰҰ ұсынған тұрақты даму қағидасы сөзге арқау болды. Халықаралық мүзей күнінде «Музей түнін» өткізудің өзектілігі мен маңыздылығы сөз етіліп, түрлі форматтарда қызықты әрі ерекше етіп өткізуге түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Әрбір кәсіпорын «Музей түніне» деген дайындықты алдын-ала жоспарлап бастау қажеттігі түсіндірілді.
Семинардың басты мақсаты – музейге жұртшылықтың назарын аударту, музей беделін арттыру, өзге музейлермен халықаралық диалог орнату және өскелең ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу болып табылады.