«Білікті маман – қоғам сұранысы 2023» тақырыбына дөнгелек үстелі
2023 жылдың 14 ақпан күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бітірушілерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша «Білікті маман – қоғам сұранысы 2023» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында бітірушілер мен Жамбыл облысы бойынша жұмыс берушілердің арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш жиында Қалалық мәдениет үйінің директоры – Бақыт Төлегенқызы, «Ақжол» газетінің бас редакторы – Хамит Есаман қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, ой қорытты. Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім басшысы – Шілдебаева Жазира қатысып, бітіруші түлектерге музей-қорықтың қызметі жайлы түсіндіріп берді. Студенттер өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойып, жауабын ала алды.