«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / 8 гимназия мектебіндегі «Музей ел шежіресі» тақырыбында жылжымалы көрме

8 гимназия мектебіндегі «Музей ел шежіресі» тақырыбында жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Төле би атындағы №8 гимназиясының оқушыларына «Музей ел шежіресі» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсатын түсіндірді.
Сонымен қатар, дәріс барысында оқушыларға музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен құнды жәдігерлерді жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары алғыстарын білдіріп, жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.