«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / М.Х. Дулати университетінің студенттеріне «Музей ел шежіресі» тақырыбында жылжымалы көрме

М.Х. Дулати университетінің студенттеріне «Музей ел шежіресі» тақырыбында жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технологиялық факультеті «Туризм және сервис» кафедрасының студенттеріне «Музей ел шежіресі» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, танымдық дәріс оқылды. Дәріс барысында студенттерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды.
 
Сондай-ақ, студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсатын түсіндірді.
 
Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен құнды жәдігерлерді жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Тараз өңірлік университетінің ұстаздары мен студенттері алғыстарын білдіріп, жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.