«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Парасат» колледжінің студенттеріне «Тарих төріндегі Тараз» дәріс

«Парасат» колледжінің студенттеріне «Тарих төріндегі Тараз» дәріс

Ежелгі Тараз қалашығының тарихын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Парасат» колледжінің студенттеріне «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, студенттер назарына слайд арқылы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер, соның ішінде: алтын көмбе, қыш ыдыстар мен металл, шыны, сүйектен жасалған бұйымдар және теңгелер көрсететілді. Студенттер өз қызуғышылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.