«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Келешек-Тараз ғылыми интелектуалдық мектеп-лицейіндегі дәріс

Келешек-Тараз ғылыми интелектуалдық мектеп-лицейіндегі дәріс

Ежелгі Тараз қалашығының тарихын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Келешек-Тараз ғылыми интелектуалдық мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқушыларына «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, студенттер назарына слайд арқылы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер, соның ішінде: алтын көмбе, қыш ыдыстар мен металл, шыны, сүйектен жасалған бұйымдар және теңгелер көрсететілді. Оқушылар өз қызуғышылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.