«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Тарих төріндегі Тараз»

«Тарих төріндегі Тараз»

Ежелгі Тараз қалашығының тарихын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттеріне «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы ие 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, студенттер назарына слайд арқылы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер, соның ішінде: алтын көмбе, қыш ыдыстар мен металл, шыны, сүйектен жасалған бұйымдар және теңгелер көрсететілді. Студенттер өз қызуғышылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Университеттің оқытушылар мен студенттер тарапынан музей қызметкерлеріне тарихи, танымдық тақырыптарда алдағы уақытта тағыда дәрістер оқылуы ұсынылды.