Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі көрме
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлері қалалық Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих апталығы аясында «Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлердің, мекемеге қарасты ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген 5 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихынан сыр шертті. Оқушылар әр кезеңге жататын тиындар, қазандар, табақтар, шырағдандар, құмыралар және т. б. артефактілердің тарихымен танысты. Зияткерлік мектеп оқушылары аса белсенділік танытып, музей-қорық қызметкерлеріне сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді.
Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен құнды жәдігерлерді жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары алғыстарын білдіріп, жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.