«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Қазқайтажаңарту» 50 жылдығы

«Қазқайтажаңарту» 50 жылдығы

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы, археологиялық нысандарды қалпына келтіріп, қайта жаңғыруы бағытында айтарлықтай қызмет атқарып келе жатқан «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылғанына 50 жыл толуына орай, Алматы қаласында салтанатты жиын өтті. Алғы сөзді бастаған Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев ғылыми-реставрация бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын баяндап, ұжым қызметкерлерін елу жылдық мерейтоймен құттықтады. Ұлт игілігі жолындағы еңбектеріне толайым табыс тіледі.
Жиын барысында кәсіпорын тарихы туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Жаңғырған Тарих» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті. Ұжым ардагерлері мен қызметкерлері, әріптес кәсіпорын басшылары мерекелік медальдармен марапатталды.
Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім басшысы – Шілдебаева Жазира қатысып, республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымын музей-қорық ұжымының атынан мерейтойларымен құттықтап, жұмыстарына табыс тілеп, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Жүсіпов Берік мырза «Қазқайтажаңарту 50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.