«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Оқушылар сарайы» КММ-де балалар арасында сурет салу байқауы

«Оқушылар сарайы» КММ-де балалар арасында сурет салу байқауы

Қазақ елінің егемендігі – ұлы дала халқының қастерлі құндылығы. Татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындырды. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербетілген елдің береке-бірлігін сақтау – Мемлекетіміздің басты мақсаты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» КММ-де 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тараз заманауи қылқалам шеберлерінің көзқарасымен» тақырыбында балалар арасында сурет салу байқауын өткізді. Балалар ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлердің суретін бейнеледі. Іс-шара соңында барлық балалар марапатталып, сыйлықтар табысталды.