«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде дәріс оқылды

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде дәріс оқылды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетінің «Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженеринг» және «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтарының білімгерлеріне «Ежелгі Тараз қаласының тарихы мен тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Дәріс барысында білімгерлерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихы, аңыз-әңгімелерін таныстыру арқылы олардың қызығушылығын оятты.