«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қызметкерлері сұхбат берді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қызметкерлері сұхбат берді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «JAMBYL TV» телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл!» атты таңғы бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Бүгінгі эфир барысында қызметкерлер тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мен насихаттаудағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және қорық-музейдің алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 25 қарашасында ұйымдастырылғалы отырған көрнекті ғалым, археолог, ортағасырлық қазақ археологиясының білгірі Т. Н. Сенигованың 100 жылдығына арналған «Жазба деректеріндегі Тараз» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция жайлы айтып өтті.