Қарияны құрметтеу - бабалардан мирас болған мұра
Қараша айының 10 жұлдызында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан және Дәуітбек кесенелерінде, сондай-ақ Айша Бибі кесенесінде Меркі ауданынан келген ауданға еңбегі сіңген ардақты аналар, әрі белсенді азаматшаларға экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында музей-қорығының қызметкерлері шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған діни ескеткіштер жайлы халық аңыздарын баяндап берді. Экскурсияның соңында ардагерлер есте қаларлықтай айтылған барша мәліметтер өте қатты қызықтырғанын айтып, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Қарияны құрметтеу - бабалардан мирас болған мұрамыз, баршамыздың парасатты парызымыз.