Музей қызметкерлері жылжымалы көрме өткізді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Горький атындағы №13 орта мектебінде «Ұлы дала кеңістігінің өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды мұралар» тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. Жылжымалы көрме барысында Көне Тараз қалашығынан табылған ортағасырлық жәдігерлер таныстырлып, өскелең ұрпаққа Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштеріне тарихи шолу жасалды.
Сондай-ақ оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңде басылған тиындар, мөр-таңбалар, көптеген құнды тарихи жәдігерлер: қазандар, табақтар, құмандар, шырағдандар, құмыралар сияқты заттардың тарихымен танысты. Құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, насихаттау және дәріптеу жұмыстарын жүргізу басты мақсат болып табылады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.