Ежелгі шеберлер мұрасы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №2 орта мектебінде "Ежелгі шеберлер мұрасы" тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. Көрме барысында оқушыларға музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңде басылған тиындар, мөр-таңбалар, көптеген құнды тарихи жәдігерлер: қазандар, табақтар, құмандар, шырақ сынықтары, құмыралар, тегенелер, қол диірмендері сияқты заттардың тарихымен танысты. Құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, насихаттау және дәріптеу жұмыстарын жүргізу басты мақсат болып табылады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.




13 Қазан 2022
1616
16 Қараша 2019