«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тарихи ескерткіштер сыр шертеді

Тарихи ескерткіштер сыр шертеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде "Тарихи ескерткіштер сыр шертеді" тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. Көрме барысында білім алушы студенттерге музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ білімгерлер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ: қыштан жасалған мұстахаралар, шынылар, моншақ, саптыаяқтар және қыш құмыралар т.б.