«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Жүнісбай мешітінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Жүнісбай мешітінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Тараз қаласында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі Қали Жүніс моншасы мен Жүнісбай мешітінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қали Жүніс моншасы - ХІХ ғасырдың шаруашылық-тұрмыстық сәулетінің жақсы сақталған ескерткіші. Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Монша 11 орын-жайдан тұрады және римдік терм және түрік хамамдары стилінің бірегей үйлесімі болып табылады. Сондай-ақ монша сәулетінде осындай ғимараттарды салудың жергілікті дәстүрлері көрініс табады.