Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешенінде археологиялық қазба жұмыстары барысында қыштан жасалған су құбыры анықталған болатын.
Ортағасырда осы құбырлар арқылы таудан су тартып, Ақыртас қаласын таза сумен қамтамасыз етіп отырған. Құбырларды шеберлер көлемді етіп бір-біріне кіріктіруге ыңғайлы болуы үшін жекелеп жасаған. Бізге дейін сынық күйінде жеткен құбырға қызметкерлер қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.