Таза ауыз сумен қамтамасыз етілді
Бүгінгі таңда бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде ел аузында аты аңызға айналған ғажайып кешенін таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
«Ақыртас» тарихи кешені қасиетті қазақ жеріндегі ежелгі ескерткіштердің бірі. Ақыртасты Египет пирамидаларымен, Афина Акропольдарымен, Рим Колизейімен, Перудегі Майя мәдениетінің тылсым мұраларымен деңгейлес алып құрылыс нысаны болып табылады. Ақыртасқа жұрт назары ауған 140-150 жылдан бері бірталай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Патшалық Ресей тұсында басталған зерттеу жұмыстары Кеңес өкіметі кезеңінде жалғасын тапты. Ал елімізде Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары бұл жұмыс қарқынға қарқын қоса жүргізілуде. Тіпті, шетелдік, атап айтқанда, француз, италия ғалымдарымен бірлесіп, аэрофототүсірілім жасалуы да біраз құпиялардың сырын ашқандай болды. Сондықтан, да, Ақыртастың айшықты болашағы алда екендігіне сеніміміз мол. Тарихи ескерткіштерге бай еліміздің ешкімге ұқсамайтын ежелгі мәдениетін, оның адамзат өркениетіне қосқан қомақты үлесін әлемге танытуға Ақыртас та өз үлесін әліде қосатыны сөзсіз. Бұл кешеннің Орталық Азияда теңдесі жоқ қайталанбас нысан екенін, оның ғажайып көрінісін жұртшылықтың тамсана айтып жүргенін, кейінгі ұрпаққа аманатын таспен қашап қалдырған бабаларымыздың алып тастардан Ақыртас сияқты кешен тұрғызуы табиғатпен үндестік таба білген халқымыздың, қала құрылысын игеруде де ешкімге дес бермегендігі. Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей қорығының күтіміндегі көне жәдігерлер Қазақстан мен Орталық Азияның ғана емес, жалпы адамзат өркениетіне тән маңызға ие құндылықтар екендігі даусыз. Өкінішке орай, біздің заманымызға дейін жеткен осынау орасан мықты, сәулетті де әлеуетті құрылымнан, Дала инженерлері ақыл-ойының інжу-маржаны санатындағы аса құнды тарихи мұрадан тек нүкте сызықпен белгіленген іргетас пен ғасырлар бойы өз салмағымен топыраққа сіңіп кеткен блоктар ғана жетті. Сонау көне заманнан бүгінгі күнге там-тұмдаған қалдығы ғана жеткен бірегей кешеннің қазіргі көрінісінің өзі, әрі-бері өткен жолаушылардың да, оған арнайы атбасын бұрып тамашалаушылардың да, жәдігерді оқтын-оқтын зерттеп, зерттеген сайын жаңа бір тосын жаңалыққа тап болып, сиқырлы кешеннің құпиясына үңіле түскен ғалымдардың да қызығушылығын арттыра түсуде.