Тарихы тағылымға толы Тараз
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «2020 жыл-волонтерлар жылы» деп жариялаған сәттен бастап, Жамбыл облысы «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қоры волентарлары осы күнге дейін жастардың қоғамға деген белсенділігін арттыру барысында жұмыс жасап келеді. Осы орайда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ерікті жастарға көне Тараз шаһарының тарихын түсіндіру мақсатында маусым айының 7 күні «Тарихы тағылымға толы Тараз» тақырыбында экскурсия жүргізді.